Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Саппен салтанат құрайық» байқауы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебінде 7-10 сынып оқушылары арасында «Саппен салтанат құрайық» атты сапта жүру байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты-оқушылар бойында патриоттық сезім мен жауапкершілік рухын қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу және тарихи жадыны сақтау.

Байқау барысын әділ бағалау үшін Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері Т.Б. Майхайдаров пен Ж.К. Альмагамбетова арнайы шақырылып, қатысушылардың шеберлігіне жоғары баға берді. Оқушылар саптық дайындықтың негізгі элементтерін көрсете отырып, біркелкі қимыл жасау, бұрылу, рапорт беру сияқты талаптарды жоғары деңгейде орындады.

Іс-шара барысында жас өнерпаздар патриоттық әндер орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Мираc мәдениет үйінің әртістері сахналық өнер көрсетіп, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандырды.

Бұл байқау-жас ұрпаққа ел тарихын танытып, отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеудің маңызды үлгісі болды. Мектебімізде ұйымдастырылған мерекелік шара Жеңіс күнінің маңызын терең сезіндіре отырып, бірлік пен рухты нығайта түсті.