Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.36): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты шара мектебімізде ерекше көңіл-күймен өтті. Бұл күн-барша ұстаздар, оқушылар және ата-аналар үшін жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ең қуанышты әрі маңызды мереке.

Салтанатты жиында мектеп директоры жылы лебізін білдіріп, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. 2024-2025 оқу жылында 92 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты. Бүлдіршіндердің бал-бұл жанған жүздері мен қуанышты сәттері көрермен жүрегін елжіретті.

Іс-шара барысында «Мектебім, менің мектебім!» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар мектеп өмірінің мәні мен маңызын сезінді. Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада оқушылар мен ұстаздар өлең жолдарын оқып, ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мектеп ұжымы үшін бұл күн жаңа жетістіктер мен табыстарға бастайтын алғашқы қадам болды. Білім күні-еліміздің болашағына жол ашатын, ізгілік пен мейірімге толы мереке болып есте қалды.