Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Бүгін мектебімізде ерекше көңіл-күй мен шығармашылық шабытқа толы Дублёр күні ұйымдастырылды. Бұл күннің басты мақсаты-оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мұғалім еңбегінің жауапкершілігін сезіндіру және білім беру процесіне қызығушылығын арттыру болды.Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары бір күнге мұғалімдердің орнын басып, сабақ жүргізді, мектептің тәртібін қадағалады және түрлі ұйымдастыру жұмыстарын атқарды. Оқушылар өздерін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, тіпті мектеп әкімшілігі рөлінде байқап көруге мүмкіндік алды.Дублёр күні мектеп ұжымына ерекше серпін беріп, оқушыларға ұстаз еңбегінің маңыздылығын түсінуге жол ашты. Сабақ барысында «дублёр-мұғалімдер» өз шығармашылығын, жауапкершілігін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Ал ұстаздар өз шәкірттерінің белсенділігін қуана бақылап, олардың бастамаларына қолдау білдірді.Күн соңында ең үздік дублёрлер мен белсенді қатысушылар марапатталып, іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды.Дублёр күні-оқушылардың мектеп өміріне жаңа серпін беріп, ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтқан мәнді шара болды.