Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

2025 жылғы 5 қаңтар күні мектебімізде “Жасанды интеллект. Білім берудегі трендтер” тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды. Кеңес барысында педагогтар жасанды интеллекттің білім беру процесіндегі рөлі, оқыту әдістемесін жаңарту және цифрлық технологияларды сабаққа тиімді енгізу жолдары туралы тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, мұғалімдер заманауи трендтерді оқу үдерісіне енгізудің тиімді әдістері жөнінде пікір таластырып, кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Педагогикалық кеңес білім беру сапасын көтеру және оқушыларға заманауи технологияларды пайдалана отырып, тиімді білім беру мақсатында маңызды алаң болып өтті.