Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекті педагогтің мұралар мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады.
Бүгінгі өткізіліп жатқан олимпиаданың мақсаты – білім алушылардың теориялық және тәжірибелік шеберлігін дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Білім сапасын көтеру!
Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қатысу деп білеміз.
Бүгінгі олимпиадаға жиналған жүзден жүйрік оқушыларымызға мектеп директоры Мирамова Жумабике Жумабековна сөз сөйлеп, сәттілік тілеп, жұмыстар қорабын ашты.
Директордың ғылыми – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Сулекина Нургуль Мырзашевна олимпиаданың өту тәртібімен таныстырды.
«Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, білім алушылардың білім білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн –ОЛ БҮГІНГІ КҮН. Ендеше бүгінгі күндеріңізге СӘТТІЛІК тілейміз!