Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Мектебіміздің мұғалімі республикалық конкурстың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды

2025 жылғы 28 қазанда «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» базасында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің физика пәні мұғалімі Салтанат Маженова жеңімпаз атанды. Конкурс оқу пәндерін, элективті және арнайы курстарды оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік материалдар жасаумен айналысатын педагогтерді қолдауға бағытталған. Салтанат Маженованың шығармашылық ізденісі, жаңашыл көзқарасы және кәсіби шеберлігі облыстық деңгейде үздік нәтиже көрсетуіне септігін тигізді. Барлық қатысушылар мен жеңімпазға шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз.