2025 жылғы 24 қаңтар күні облыстық І.Жансүгіров оқуларында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Газиз Алина «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясы бойынша екінші орын иегері атанды. Алина қалалық кезеңде 13 қаңтарда бірінші орын алып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Бұл жетістік оның таланты мен қажырлы еңбегінің жемісі болып табылады. Оқушының жеңісі үшін Алинаны және оның жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Н. Арыстанды шын жүректен құттықтаймыз және алғыс айтамыз.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.36): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46














