Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық, көпжанрлы «Talantstar-Түркістан» байқауына мектебіміздің 9 сынып оқушысы Тұрғынбай Аңсаған қатысып, «Аспапта ойнау-Фортепиано» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Осы жеңіс Аңсағанға тек құрмет пен абырой әкеліп қана қоймай, Германия мен Болгарияда өтетін халықаралық конкурстарға жолдама алуына мүмкіндік берді. Мектеп ұжымы Аңсағанды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреді.














