Қостанай қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы волейбол турнирінде мектебіміздің командасы бірінші орынға ие болды. Бұл үлкен жеңістің артында дарынды спортшыларымыз бен оларға жетекшілік жасаған спорт мұғалімі Маканаев А. тұр. Жетекшіміздің кәсіби біліктілігі мен оқушылардың қажырлы еңбегі, үздіксіз жаттығулары осы жеңістің негізін қалады. Барлық команда мүшелеріне жеңіс пен жетістік әкелген еңбектері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл жеңіс тек мектебіміз үшін ғана емес, Қостанай қаласының спорт әлемінде де жаңа белес болып есептеледі. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, жеңістерді бірге бағындыруға тілектеспіз.















