2024 жылғы 4 мамыр күні №16 жалпы білім беретін мектеп базасында жас педагогтарға арналған «Үздік стендтік баяндама» қалалық байқауы өтті.
Бұл байқаудың мақсаты — жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық тәжірибесін насихаттау және заманауи білім беру үрдісіндегі озық идеяларды қолдау болып табылады.
Мектебімізден байқауға математика пәнінің мұғалімі, жас маман Темиргалиева Анара Нагашыбаевна қатысып, «Білім берудегі жаһандық трендтер» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды.
Ұжым атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен кәсіби биіктерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз.














