2024 жылдың 5 мамырында Қостанай қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында үстел тенисінен турнир өтті. Бұл сайысқа түрлі мектептердің үздік ойыншылары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Мектебіміздің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 3-орынды иеленді. Команда құрамында:
1.Есіркепова Сарбиназ
2.Амерсейіт Алмас
3.Сапабек Мақсат
Оқушылардың табысты өнер көрсетуіне бағыт-бағдар берген команда жетекшісі С.Шайхина ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістік-оқушылардың еңбегі мен жаттықтырушының кәсіби шеберлігінің жемісі. Жас спортшыларды және жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз!















