05 қыркүйек 2024 жылы 2024-2025 оқу жылының алғашқы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты-жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналарды мектептің тәрбие бағыттарымен, ішкі тәртіп ережелерімен және оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңалықтармен таныстыру болды.Жиынды білім беру ұйымының директоры ашып, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп ұжымының алдағы оқу жылындағы мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы жолында ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды.Күн тәртібіндегі келесі мәселе-Біртұтас тәрбие бағдарламасын таныстыру болды. Бұл бағдарлама арқылы мектеп ұжымы оқушылардың тұлғалық дамуын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруді және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейтінін атап өтті.Сондай-ақ, ата-аналар мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды. Оқу процесіндегі оқушылардың құқықтары мен міндеттері, мектеп формасына қойылатын талаптар, сабаққа қатысу тәртібі және қауіпсіздік ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.Жиналысқа жалпы саны 127 ата-ана қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, түрлі сұрақтар қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын өзара пікір алмасу мен конструктивті диалог форматында өтті.Жалпы алғанда, ата-аналар жиналысы жаңа оқу жылының табысты бастамасына жол ашып, мектеп пен ата-аналар арасындағы сенімді серіктестік қатынасты нығайтуға бағытталды.
- Нормативті-құқықтық құжаттар
- Мектепке дейінгі білім беру
- Оқу-тәрбие жұмысы
- Ғылыми-әдістемелік қызмет
- Әдістемелік нұсқаулықтар
- Жұмыс жоспары
- Аттестация
- Біліктілік арттыру
- Тәлімгерлік (жоспар, атқарылған жұмыстар)
- «Озат» кәсіби қоғамдастығы (жоспар, атқарылған жұмыстар )
- Әдістемелік бірлестіктер
- Авторлық жұмыстар
- Озық тәжірибе тарату
- Үздік ашық сабақтар
- Ғылыми қоғамдастық
- Дарынды балалармен жұмыс
- Әдістемелік кеңес
- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
- Тәрбие жұмысы
- Психологиялық қызмет
- Әлеуметтік қызмет
- Жобалар
- Кері байланыс
- Мектеп логопеді
- Кітапхана
- Бос орын














