Мемлекеттік қызметкермен кездесу өтті
Мектебімізде 16 мамыр күні 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында мемлекеттік қызметке орналасу және жұмыс жасау жайында арнайы кездесу өтті. Кездесуге Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринарлық басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Нурлумбаева Айгүл Тәуекелқызы қатысып, қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерге қойылатын талаптар, жұмыс жасаудағы қиындықтар мен басымдылықтар жайында ақпарат берді. Мектеп оқушылары түрлі тақырыпта сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Кездесуге сонымен қатар мектеп директоры Мирамова Ж. Ж. және сынып жетекшілер қатысты.
Білім беру ұйымы директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Н.Н.Арыстан