Менің әкем-ең мықты адам
«Балдәурен» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде «Менің Әкем-Ең Мықты Адам» тақырыбында сурет сайысы өтті. Байқауға 1-4 сынып оқушылары арасынан 60 бала қатысып, өздерінің жүрек жылуымен салған суреттері арқылы әкелеріне деген махаббаттарын көрсетті.
Әрбір сурет-бір ерекше әңгіме, бір жүрекжарды сезім. Бұл сайыс балалардың шығармашылық қабілетін ғана дамытпай, сонымен қатар әке мен бала арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз. Әрқайсысы-нағыз жеңімпаз!














