Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Наурыз-көктем мен жаңарудың, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Осы орайда №15 жалпы білім беретін мектепте 14 наурыз бен 23 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне арналған онкүндік іс-шаралар өтті.

Онкүндік барысында әр күннің өзіне тән тақырыбы мен мазмұны болды.

14 наурыз – Көрісу күні, яғни Амал мерекесі ретінде қарсы алынып, оқушылар мен ұстаздар бір-біріне ізгі тілектерін арнады.

15 наурыз – Қайырымдылық күні, бұл күні мейірімділік пен игі істерге бағытталған шаралар өтті.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, мектепте ұлттық өнер мен мәдени құндылықтар насихатталды.

17 наурыз – Шаңырақ күні, отбасылық құндылықтар дәріптеліп, өнегелі отбасылар үлгі ретінде ұсынылды.

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні, оқушылар мен ұстаздар қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, сәндік көрме ұйымдастырды.

19 наурыз – Жаңару күні, көктемнің басталуымен бірге мектеп ауласында ағаш отырғызу акциясы өтті.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.

21 наурыз – Ынтымақ күні, бұл күні бірлік пен татулықты дәріптейтін көріністер мен концерттік бағдарлама өтті.

22 наурыз – Жыл басы, Наурыз мейрамының ең басты күні ретінде кең көлемде аталып өтті.

23 наурыз – Тазару күні, экологиялық акция ұйымдастырылып, мектеп аумағы тазартылды.

Мектебімізде өткен Наурыз мерекесі онкүндігі мазмұнды іс-шараларға толы болды. Әр күн оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың тамаша үлгісіне айналды.

Онкүндік аясында өткен іс-шаралар туралы толығырақ төменде берілген сілтемелер арқылы таныса аласыздар.