2023-2024 оқу жылының үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша №15 жалпы білім беретін мектептің директоры Ж.Ж. Мирамова білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектеп басшысы оқу тоқсанының қорытындысын баяндап, оқушылардың білім жетістіктері мен тәрбие бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ата-аналарға оқу процесіне қатысты өзекті мәселелер мен жаңалықтар жайлы ақпарат берілді.
Жиын барысында ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Мұндай кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттырып, оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.














