2024 жылғы 19 қараша күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Coffee break» форматы бойынша «Отбасы-бақыт аясы» тақырыбында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектеп психологтары Д. М. Тулепова мен Қ. Ахметқызы тренингтер жүргізіп, ата-аналарға психологиялық қолдау мен тиімді қарым-қатынас тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог М. О. Пірімбетова сабаққа қатысу, оқушылардың әлеуметтік жағдайы және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектебімізде жүргізіліп жатқан іс-шараларды таныстырды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Ж. Ш. Калиева мен Н. Н. Арыстан мектептің ішкі тәртіп ережесі, Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және алдағы жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беріп, ата-аналармен бірге талқылады. Ерекше форматта өткен кездесуге қатысушылар көзқарастарын білдіріп, беріліп жатқан ақпараттарға белсенді қатысты. Осындай іс-шаралар арқылы ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастық нығая түседі.
- Нормативті-құқықтық құжаттар
- Мектепке дейінгі білім беру
- Оқу-тәрбие жұмысы
- Ғылыми-әдістемелік қызмет
- Әдістемелік нұсқаулықтар
- Жұмыс жоспары
- Аттестация
- Біліктілік арттыру
- Тәлімгерлік (жоспар, атқарылған жұмыстар)
- «Озат» кәсіби қоғамдастығы (жоспар, атқарылған жұмыстар )
- Әдістемелік бірлестіктер
- Авторлық жұмыстар
- Озық тәжірибе тарату
- Үздік ашық сабақтар
- Ғылыми қоғамдастық
- Дарынды балалармен жұмыс
- Әдістемелік кеңес
- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
- Тәрбие жұмысы
- Психологиялық қызмет
- Әлеуметтік қызмет
- Жобалар
- Кері байланыс
- Мектеп логопеді
- Кітапхана
- Бос орын














