Отбасы-мейірім мен бірліктің мекені
Отбасы күніне орай мектебімізде ата-аналар арасында көңілді спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты-ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.
Қатысушылар үшін ұйымдастырылған қызықты эстафеталар мен командалық ойындар олардың ептілігін, шапшаңдығын және бірлігін шыңдады. Әр отбасы өзара қолдау көрсетіп, нағыз достық пен спорт рухын паш етті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз. Осындай мерекелік шаралар ұрпаққа үлгі болып, отбасылық татулық пен берекенің айқын белгісі бола алады. Бірлік бар жерде-береке бар!















