Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

2024 жылғы 11-13 желтоқсан күндері мектебімізде «Парасаттылық сағаты» акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты-оқушылардың парасаттылық, адалдық және әділдік құндылықтарын түсінуін тереңдету болды. Акция аясында 8-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Бұл кездесулерде балалар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Олар парасаттылықтың өмірдегі маңызы, адалдықтың қоғамдағы рөлі және әділдікті насихаттаудың жолдары туралы талқылады. Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Пікірлер мен сұрақтар парасаттылықтың күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. «Парасаттылық сағаты» акциясының нәтижесінде оқушылардың санасында адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға үлес қосылды. Алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізу арқылы мектебімізде парасаттылық мәдениетін дамытуға ниеттіміз.