Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бақылаудың әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылдың 31 қазан күні «Ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары арқылы сандық білім беру ресурстарын пайдаланатын мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін трансляциялау» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинардың мақсаты-цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, педагогтардың IT-құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ озық тәжірибені өңір көлемінде тарату болды. Бұл маңызды шараға мектебіміздің ұстаздары-Серікова Алтынай Қайратқызы, Маженова Салтанат Толендиновна, Темірғалиева Анара Нагашыбаевна және Жанбұршинова Гүлнұр Каировна қатысып, өздерінің заманауи әдістемелік ізденістерін, инновациялық сабақ үлгілерін таныстырды. Олар тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерімен тиімді әдістер мен цифрлық құралдарды пайдалану бойынша ой алмасты. Мектебіміздің педагогтарының облыс деңгейінде тәжірибе таратуы – кәсіби шеберліктің, үздіксіз дамуға ұмтылыстың айқын көрінісі. Құрметті әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіздің жемісі мол болып, облыстық қана емес, республикалық деңгейде де абыроймен танылуларыңызға тілектеспіз! Осындай игі іс-шараны ұйымдастырып өткізген әдістемелік орталық ұжымына зор алғыс білдіреміз!