Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Педагогтарымыздың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы жетістігі

2025 жылдың 3 мамыры күні Астана қаласында ҚР Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Батырлар институты: ұлттық рух пен құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтар өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық тарих пен руханият саласындағы маңызды мәселелерді талқылады.

Осы беделді конференцияға мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдері белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Б.Н. Айту-«Батырлар институтының тарихи және мәдени негіздері» тақырыбындағы шеберлік сыныбы бойынша қатысып, 34 қатысушының ішінен үздік деп танылды. Бұл-педагогтың кәсіби шеберлігі мен ғылыми-зерттеушілік әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейтін зор жетістік.

Г.К. Жанбуршинова-«Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер сабақтастығы» тақырыбында өз шығармашылық жұмысын сәтті қорғап, сертификатқа ие болды. Мұғалімнің жұмысы ұлттық руханиятты білім беру процесіне енгізудегі жаңашылдығы мен терең талдауы үшін жоғары бағаланды.

Шара Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл жетістіктер-педагогтарымыздың кәсіби ізденісі мен сапалы еңбегінің айқын дәлелі. Мектебіміз ұстаздарының білім саласындағы беделі артып, тәжірибесі республикалық деңгейде мойындалуда.

Ұжымымыз атынан қатысушы ұстаздарымызды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!