Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

2021 жылдың 03 қараша күні 5 сынып оқушыларының буыннан буынға көтерілу бейімділігін анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық консиллиумі жүргізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

1) Мектептегі оқушылардың үлгерімі
(жауапты: ДОІЖ орынбасары- Бекбулатова А.Б.);
2) Оқушылардың психологиялық жағынан бейімделуі
(жауапты: педагог-психолог Дуйсенбаева К.А.);
3) Оқушылардың әлеуметтік жағдайы
(жауапты: әлеуметтік педагог Коштаева А.Е.);
4) 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сынып оқушыларының бейімделуінде тәрбие жұмыстарының маңызы
(жауапты: ДТІЖО Есбатыров М.З.)
5) 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сынып оқушыларының
бейімделуі (отбасыларының әлеуметтік құрамы, сынып мінездемесі)
(жауапты: сынып жетекшілері: Жедилканова Н.Н., Биктаманова С.Б., Тоболов А. және пән мұғалімдері).
6) Бастауыш сынып оқушылары(4 сынып) мен жоғарғы сынып
(5 сынып) оқушыларымен сабақтастығы.
( жауапты: 20-21 оқу жылының 4 сынып жетекшілері, пән мұғалімдері)

Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі және әр пәннің жеке бөлмелерде өтілуі де оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан педагогикалық ұжым алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы қарастырылған сұрақтар бойынша сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне ұсыныстар берілді. Педконсиллиумның шешімі айтылып, қорытынды шығарылды.