Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Құрметті ата-аналар, әріптестер және оқушылар. Елімізде жаңа және құндылығы жоғары мереке "Республика күні" пайда болды. Осы мереке қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның өткеніне шолу, бүгініне бағдар жасап, болашаққа үлкен үміт артып отырмыз. Ел Президентті Қ.К.Тоқаев осы шараны қолдай отырып, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде аталмыш мерекенің маңызы орасан зор екенін атап өтті. Педагогтар қауымы мемлекет басшысының шешімін қолдай отырып, білім алушылардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында мереке қарсаңында түрлі шаралар атқарылды. Білім алушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелейтін тақырыптарда эсселер мен диктанттар жазылып, салауатты өмір салтын дәріптейтін көңілді старт ойындары өткізілді.
Отандастар елімізде аталып өтіп жатқан жаңа мереке болашақ иелеріне дұрыс түрде дәріптеудеміз деп сенемін. Еліміз аман, жұрттымыз тыныш болсын. Көк байрағымыз көгімізде мәңгілік қалықтай берсін, тәуелсіздігіміз баянды болсын.