Республика күніне арналған дәріс
Республика күніне орай мектеп кітапханасында оқушыларға арнайы дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы мен жетістіктерін насихаттау, ел тәуелсіздігі мен егемендігі ұғымдарын дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар еліміздің даму кезеңдері туралы тың деректермен танысып, тарихи тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі жайлы қызықты мағлұматтар алды. Дәріс соңында қатысушылар туған еліне деген құрмет пен патриоттық сезімдерін арттыра отырып, елімізді дамытуға өз үлестерін қосуға шақырылды.














