Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Сандық технологиялар әлемінде» апталығы

2024 жылдың 12 ақпанынан бастап Қостанай қаласы №15 жалпы білім беретін мектебінде «Сандық технологиялар әлемінде» тақырыбында «Озат» қоғамдастығының апталығы өз бастауын алды. Апталық 12-16 ақпан аралығында өткізілуде.

Апталықтың ашылу рәсімі ерекше форматта ұйымдастырылып, мектептің әр қабатында сандық технологияларға байланысты түрлі танымдық іс-шаралар өтті.

1-қабат фойесінде мұғалімдер Медебаева А.А., Каршалова Э.Ғ., Серикова А.А., Есингожина З.П. оқушылармен смартфон арқылы интеллектуалды ойындар ұйымдастырды.

2-қабатта Омарова Л.А., Иралинова Л.М., Умиржанова А.А., Жалмендина Л.К. телевизор арқылы сандық жүйеде орындалатын дамыту тапсырмаларын өткізді.

3-қабатта Нысанбаева А.Б., Маженова С.Т., Бралина Т.Т., Сұлтанов Қ.Қ., Айту Б.Н. жоғары сынып оқушыларымен компьютерлік сауаттылық бойынша сайыс ұйымдастырды. Оқушылар интернет желісінен ақпарат іздеу, компьютерде теру, сканерлеу және басып шығару секілді тапсырмаларды орындап, өз дағдыларын көрсетті.

Цифрлық сауаттылық-заман талабы. Осы орайда апталық оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, ерекше қызығушылық танытты, әсіресе 10-сынып оқушыларының белсенділігі ерекше байқалды.

Апталық мектептің оқу-тәрбие үдерісінде жаңа технологияларды тиімді қолдануға серпін берді.