2024 жылдың 4 мамыр күні №15 жалпы білім беретін мектебінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған дәстүрлі «Саптық әскери шеру және саптық ән айту» байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты-оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, әскери тәртіп пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ ел қорғаушылар еңбегіне құрмет көрсету болды.
Байқауды бағалаған қазылар алқасы:
- Сыпабеков Қайсар Жұмаханұлы-Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің подполковнигі;
- Нугуманов Бүркіт Асанұлы-99260 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, капитан;
- Иманбай Данияр Серікұлы-99260 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс батальонының 2 күзет ротасының командирі, капитан.
Байқау барысында оқушылар саптық жүріс, әскери бұрылыс, саптық ән және форма үлгісі бойынша өзара бақ сынасты.
Байқау нәтижесі:
- 1 орын-10 «Б» сыныбы
- 2 орын-8 «А» сыныбы
- 3 орын-10 «Ә» сыныбы
Барлық сыныптар ерекше дайындық пен ұйымшылдық танытқаны үшін түрлі номинациялармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар мен көрермендерге патриоттық рух сыйлады.
Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз:














