«Үндестік» облыстық жобасы аясында, «Алғыс айту күні» және «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекелеріне орай №15 жалпы білім беретін мектебінде 1–4 сынып оқушылары мен олардың аналарының қатысуымен «Шебер ана, еңбекқор бала» атты байқау өтті.
Байқауға барлығы 4 отбасы қатысып, өз өнерлері мен шеберліктерін көрсетті. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
- «Мен және менің анам» – таныстыру кезеңі;
- «Халқын сүйген – салтын сүйер» – ұлттық салт-дәстүр көрінісі;
- «Зерделігінің ойы озық» – зияткерлік тапсырмалар кезеңі;
- «Өнерлінің өрісі кең» – қолөнер бұйымдарын жасау кезеңі.
Байқау қатысушылары өзара тартысты өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қатысқан отбасылардың барлығы жүлделі орындармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара ата-аналар мен балалар арасындағы ынтымақты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталды.















