Қуанышты жаңалық!
2025 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында «Убаған» шекаралық бақылау бөлімшесінің оқу-далалық орталығында өткен «Жас Әскер» әскери-патриоттық клубтарының облыстық слетінде біздің мектебіміздің оқушылары құрамындағы «Спорттық Жас Сарбаз» командасы 1-орынға ие болды.
Жарыс барысында оқушылар саптық дайындық, мергендік, әскери эстафета, арқан тарту және дене шынықтыру сынақтарында үздік өнер көрсетіп, шынайы табандылықтары мен ұйымшылдығын дәлелдеді. Бұл жеңіс-оқушылардың қажырлы еңбегі мен ұстаздары мен тәлімгерлерінің кәсіби дайындығының нәтижесі.
Жас сарбаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!














