Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектепті 640 білім алушы аяқтап жатыр. Оның 52-сі үздік, 244-ті екпінді оқушылар.
Үш түлегіміз – бірі Дүкенбаев Айтуар «Алтын белгіге», екеуі Курмантаева Шынайым 11 сынып оқушысы, Туяқова Ақлима 9 сынып оқушысы - «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.
ҰБТ-ны 40 оқушы тапсырады, қазіргі кезде 10 оқушы 1 кезеңінен өтті, ең жоғары 121 ұпайды 11 "а" сынып оқушысы Дукенбаев Айтуар алып отыр. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 4, 9 сыныптар ББЖМ тапсырды, 4- сынып 21,3 пайыз, 9 сынып 51 пайыз жинақтады.
Құрметті ұстаздар!
Бүгінгі мерекеде Түлектерге сапалы білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектері үшін директор орынбасарларына, мектеп ұстаздарына ерекше алғысымды айтамын.
Құрметті ата - аналар!
Бүгін Сіздер ерекше толқып, шаттыққа бөленіп тұрсыздар. Бала сіздердің болашаққа деген үкілі үміттеріңіз. Сіздерді бүгінгі тамаша қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, бізбен бірге болған талай талай кездеріңіз, қолдауларыңыз үшін рахмет айтамын.
Сіздер күрделі кезең алдында тұрсыздар. Балаларыңыз университет пен пен мамандық таңдау секілді маңызды қадам жасау алдында тұр. Бүгінгі Әлем бір орында тұрмайды, үнемі өзгеріс үстінде. Көп мамандықтар өзектілігін жоғалтып, артта қалуда, алдыңғы қатарлы технологиялар дамып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Сондықтан балаларыңызға дұрыс қолдау көрсетіп, болашақта қажет болатын мамандықты тізгіндеулеріңізге тілектеспіз.
Құрметті түлектер!
Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін жүректеріңізде ерекше құрметпен сақтап өтеді деп сенемін.
Алда тұрған мемлекеттік аттестациядан, ҰБТ сынағынан сәтті өтулеріңізге тілектеспіз.
Қадам басып отырған жаңа өмір жолында Сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын.
Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін.
Сәт сапар, жас түлек!