Тәрбие және кәсіби бағдар: тәжірибе мен жаңа идеялар алаңы
2025 жылдың 13 тамызында КММ «№17 жалпы білім беретін мектеп» базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қалалық тамыз секциясы өтті. Іс-шара тәрбие және кәсіби бағдар беру саласындағы тәжірибе алмасу, тың идеялар мен тиімді практикалармен бөлісу алаңы ретінде ұйымдастырылды.
Секцияны жалпы орта білім беруді дамыту секторының меңгерушісі Батталова Ж.А. ашып, алдағы оқу жылындағы негізгі бағыттарды айқындады. Біздің мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арыстан Нұралы Нұрланұлы «Сандық трансформация және кәсіби бағдар» тақырыбында мазмұнды әрі қызықты баяндама жасап, әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті.
Бұл секция қатысушыларға заманауи тәрбие процесінде сандық технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсетуге, кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді. Әріптестер өз тәжірибелерін ортаға салып, бірлескен талқылау арқылы білім беру сапасын арттыруға үлес қосты.















