«Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі»
мектепалды даярлық сыныбыны және шағын орта топтары.
14.12-15.12 мектепалды даярлық сыныптарында және шағын орта топтарында «Тәуелсіз елім- Қазақстаным» деген тәрбие сағаттары өтті. Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Біздің балалар Отанымыздың ұрпақтары, өз елін мен жерін көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтын ақылшысы, тірегі. Балалар әнұран, Отан туралы мақал мәтелдерің, тәуелсіздікке арналған тақпақтарын айтты. Би билеп ойын ойнады. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін деп, балалар гүлдерін түрлі түсті бояумен бояп, Қазақстан картасына жапсырды.