Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына мектебіміз де белсенді түрде атсалысты. 2025 жылдың 4 сәуір күні мектеп аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға 28 техникалық қызметкер мен 53 педагогикалық қызметкер қатысып, аумақты қоқыстан тазарту, жасыл alanдарды күтіп-баптау және мектеп маңын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұжымның бірлескен еңбегі туған жердің тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды.
Мектеп әкімшілігі акцияға үлес қосқан барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, қоршаған ортаға деген жауапкершілік әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Экологиялық мәдениетті дамыту мен табиғатты қорғау - болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырудың маңызды қадамы.















