6-13 қазан аралығында мектебіміз қабырғасында Филология әдістемелік бірлестігінің «Тіл – татулық тірегі» атты апталығы өтті. Апталық аясында білім алушыларға түрлі викториналар мен пәндік олимпиада, «С.Көбеев –алғашқы қазақ прозашысы» тақырыбында диктант, қазақ зиялыларының мерей тойларына арналған әдеби кеш және басқа да танымдық-зияткерлік іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар әдістемелік бірлестіктердің арасында үздік әдіс-тәсілдер сайысын өткізіп, мектеп мұғалімдері арасында тәжірибе тарату жұмысын жүргізді. Филология бірлестігі апталық жоспарын толық орындай отырып, 16 қазан күні апталыққа белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды салтанатты түрде марапаттады.