5 қыркүйек-Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. И. Халикулова Қостанай қалалық орталық кітапханасының мамандарымен бірлесе отырып танымдық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты-мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тіл мәдениетіне деген қызығушылығын ояту және көптілділік құндылығын дәріптеу болды. Дәріс барысында қатысушылар тілдің қоғамдағы рөлі, сөз мәдениеті мен ұлт болмысы жайында мазмұнды пікірлер тыңдап, қызықты деректермен бөлісті.
Кітапхана мамандары тіл туралы әдебиеттер көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға қазақ әдебиетінің классиктері мен заманауи авторларының еңбектерін таныстырды. Танымдық шара оқушылардың рухани дүниесін байытып, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттырды.















