«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде мектебімізде «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында 1–4 сынып оқушыларына қызықты әрі тәрбиелік мәні зор кітаптар ұсынылды. Атап айтқанда:
- «Өтірік өлеңдер»,
- Қазақ халық ертегілері сериясының кітаптары,
- Е. Өтеутілеуов «Әдептілік әдемілік»,
- А. Құнанбаев «Қыс» өлеңі,
- «1100 қызықты деректер» сериясы,
- Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада»,
- «Нағыз ұлдарға арналған кітап»,
- «Балалар энциклопедиясы»,
- Ы. Алтынсарин әңгімелері,
- М. Мақатаев өлеңдері.
Жас оқырмандар ұсынылған шығармаларды үлкен қызығушылықпен оқып, өздерінің қысқы демалыстарын пайдалы әрі мазмұнды өткізіп келеді. Мұндай шаралар – балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына жол ашады.















