Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Ағымдағы жылдың 16–18 желтоқсан күндері тоғызқұмалақтан Қостанай облысының балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорт клубтары оқушылары арасында облыстық біріншілік өтті. Жарысқа облыс көлемінен 10 команда, жалпы 197 жасөспірім қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әрбір қатысушы ұлттық ойын арқылы логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын шыңдап, үздік нәтиже көрсетуге тырысты. Турнир қорытындысы бойынша біздің мектептің мақтанышы Әділханұлы Бақтияр үздік өнер көрсетіп, ІІ орын иегері атанды.

Бұл жетістік – шәкірттің табандылығы мен ұстаз еңбегінің жемісі. Жас спортшыны жеңісімен құттықтаймыз!