Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Өскелең жас ұрпақтың арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында
Қостанай қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 3 қарашасы
күні қалалық балалар шығармашылығы мектебінің базасында «Тіл тамыры
-отбасы» атты байқау өтті.
✅ Байқауға Қостанай қаласындағы мемлекеттік тілде оқытатын 8 мектептің
(№ 9, 10, 15, 20, 24, 28 ЖББМ, С. Мәуленов гимназиясы және № 115 ЖББМ)
ата-аналары, яғни 8 отбасы қатысты.
✅ Байқау шарты: Отбасын таныстыру, Шығармашылық өнер, Сахналық қойылым,
Бата беру сынды 4 кезеңнен құралды.
Ойдың ұшқырлығы, тілдің шешендігі, қиялдың жүйріктігі мен отбасының
білімділігі, жарасымдылығы сынға түскен тартысты сайыст әр отбасы сайыс
шартына сай өз өнерлерін көрсете білді.
Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша:
☑ Мектебіміздің атынан қатысқан И. Еңсеповтар отбасысы «Мәдениетті
отбасы» номинациясымен марапатталды.

"Үндестік" облыстық жобасы аясында жүргізілген іс-шара мектеп ұжымымен
ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту, ұлттық құндылықтарымызды кеңінен
дәріптеуді мақсат тұтады.

И. Еңсеповтар отбасына алғыс айта отырып, жеңістерімен білім беру ұйымы
директоры және педагогикалық ұжым атынан ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.