Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

«Үздік ашық сабақтар» байқауы жалғасуда

2024 жылдың 27 ақпан күні мектебімізде «Үздік ашық сабақтар» байқауы өз жалғасын тапты. Бұл күні математика пәні мұғалімі Темірғалиев А.Н. «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік» тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, математикалық білімдерін практикамен ұштастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар белсенді үзіліс кезінде тарих пәні мұғалімдері Анасова А.Б. мен Калиева Ж.Ш. оқушылармен тарихи-танымдық ойындар ұйымдастырып, олардың отансүйгіштік сезімдері мен тарихи білімдерін арттыруға ықпал етті.

Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Боранбайқызы Д. 7-сынып оқушыларына арналған «Мен-таза әлемнің бөлшегімін» атты сыныптан тыс іс-шара өткізіп, экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаға деген жауапкершілік тақырыбын қозғады.

Мектепте өткізілген бұл іс-шаралар педагогтардың шығармашылық ізденісін арттырып, білім алушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік берді.