02.02.2026 ж. мектебімізде білім мен ғылымды ұштастыратын маңызды іс - шара «Жаратылыстану, тарих пәндері бірлестігінің апталығы» өз жұмысын бастады.
Апталықтың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Апта барысында ашық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, танымдық сайыстар мен қызықты іс - шаралар өткізіледі. Бұл - ғылым әлеміне жасалған тағы бір маңызды қадам.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз, апталығымыз мазмұнды әрі әсерлі өтсін!













