Жас ізденушілердің жарқын жеңісі
2025 жылдың 21 сәуірінде 8-10 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Аталмыш байқауда білім ордамыздың оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл-мектеп қауымдастығы үшін зор қуаныш әрі үлкен мәртебе.
Жас ғалымдарымыздың табысы-олардың тынымсыз ізденісі мен талпынысының, жетекші мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Ғылыми жобалар саласындағы бұл жетістік оқушылардың білімге деген ерекше қызығушылығын, шығармашылық әлеуетін және өзіндік ойлау қабілетін айқын көрсетеді.
Жеңімпаздарымызды зор қуанышпен құттықтаймыз:
- І орын-Ермекұлы Арсен
Ғылыми жетекшісі: Маженова С.Т. - ІІ орын-Газиз Алина
Ғылыми жетекшісі: Жанбуршинова Г.К. - ІІІ орын-Алмурзиева Малика
Ғылыми жетекшісі: Анасова А.Б.
Бұл жеңіс-мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің, ұстаздар мен оқушылар арасындағы нәтижелі ғылыми-шығармашылық байланысының айқын дәлелі. Әрбір қатысушының еңбегі мен табандылығы құрметке лайық.
Мектеп ұжымы атынан жас зерттеушілерімізге және олардың жетекшілеріне алғыс айтамыз. Сіздердің жетістіктеріңіз – оқу орнының ғана емес, бүкіл қауымның мақтанышы!
Жас ғалымдарға алдағы облыстық кезеңде де сәттілік серік болсын! Білім мен шығармашылықтың биік шыңдарын бағындыра беріңіздер!














