Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Жасанды интеллект-білім берудегі жаңа мүмкіндіктер

14 тамыз күні Қостанай қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы білім беретін мектебінде» АКТ жөніндегі директор орынбасарларының тамыз кеңесі өтті. «Жасанды интеллекттің жаңа инновациялық мүмкіндіктері» тақырыбындағы секциялық отырысты Қостанай қаласы білім бөлімі ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Саят Мергенұлы Сүйеубаев жүргізді.

Біздің мектептің АКТ жөніндегі орынбасары Диана Боранбайқызы «Жасанды интеллект-педагогтің жаңа мүмкіндіктері мен цифрлық көмекшісі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Кеңес барысында жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне тигізетін зор ықпалы атап өтілді.

Қазіргі таңда жасанды интеллект мұғалімдерге жаңа әдістерді енгізуге, оқу процесін жеңілдетуге және шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашып отыр. Бұл құрал педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқушылардың қызығушылығын оятуға және білім берудің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.