Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім министрлігі “Сенің қызықты жазың” атты әдістемелік Guidebook әзірледі.

Бұл әдістеме балалардың бос уақытын мазмұнды әрі қауіпсіз өткізуге бағытталған және тоғыз бөлімнен тұрады:

  • «Кітаппен жаз»
  • «Сіздің қауіпсіз жазыңыз»
  • «Танымдық жаз»
  • «Салауатты әдеттер жазы»
  • «Жазда-Өнердің қызықты әлеміне»
  • «Жаз-өзін-өзі дамыту уақыты»
  • «Жазғы жеке күнделік»
  • «Өз қолыңызбен жазғы сыйлық»
  • «Жазғы ойын кітабы»

Сондай-ақ нұсқаулықта барлық жедел қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген.

Guidebook 5-9 және 10-11 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай үш нұсқада әзірленген. Әр бөлімде балаларды қызықты тақырыптарға жетелейтін QR-кодтар орналастырылған. Бұдан бөлек, құжатта орталық мемлекеттік органдар бекіткен балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінің тізімі де бар.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраеваның айтуынша, “Сенің қызықты жазың” guidebook-тың электронды нұсқасы ҚР Білім министрлігінің, өңірлік білім басқармаларының және барлық білім беру ұйымдарының ресми сайттарында қолжетімді.

Жазғы маусымда еліміздегі оқушылардың 92 пайызы демалыспен және түрлі іс-шаралармен қамтылатыны жоспарлануда.

Балалардың жазғы демалысын пайдалы, мазмұнды және қауіпсіз өткізу-ата-аналар мен мектептердің ортақ міндеті.