2025 жылдың 11 сәуірінде Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зерттеуге бір қадам-дамудағы жүз қадам» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аймақтың үздік жас зерттеушілерін жинаған бұл шарада түрлі пәндік секциялар бойынша жұмыстар сарапқа салынды. Мектебіміз үшін қуанышты жаңалық: «Физика» секциясы бойынша Ермекұлы Арсен I орынның иегері атанды. Оның ғылыми жұмысы мазмұндылығы, тәжірибелік маңызы және зерттеу нәтижелерінің нақтылығымен жоғары бағаланды. Арсенге бағыт-бағдар беріп, ғылыми қызығушылығын қолдаған жетекшісі-С.Т. Маженова. Бұл жетістік Арсеннің табандылығы мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Мектебіміздің аты мен абыройын асқақтатқан оқушымызды және оның жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тілейміз. Жастардың білім мен ғылымға деген ынтасы ел ертеңіне үлес қосатынына сенім мол.














