2024 жылғы 6 қараша күні Қостанай қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (ҚР ҰҚК ШҚ) Қостанай облысы бөлімшесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.Іс-шараның басты мақсаты-оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірімен жақынырақ таныстыру болды.Экскурсия барысында оқушылар шекара қызметінің құрылымы, міндеттері және қызметкерлердің күнделікті жұмысы туралы кең мағлұмат алды. Сондай-ақ, арнайы техникалық құрал-жабдықтар мен қызмет барысында қолданылатын заманауи технологиялар көрсетілді.Кездесу оқушылардың патриоттық сезімін оятып, Отан қорғаушы мамандығына қызығушылығын арттырды. Осындай кәсіби бағыттағы экскурсиялар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және ел алдындағы жауапкершілікті түсінуге зор мүмкіндік береді.
- Нормативті-құқықтық құжаттар
- Мектепке дейінгі білім беру
- Оқу-тәрбие жұмысы
- Ғылыми-әдістемелік қызмет
- Әдістемелік нұсқаулықтар
- Жұмыс жоспары
- Аттестация
- Біліктілік арттыру
- Тәлімгерлік (жоспар, атқарылған жұмыстар)
- «Озат» кәсіби қоғамдастығы (жоспар, атқарылған жұмыстар )
- Әдістемелік бірлестіктер
- Авторлық жұмыстар
- Озық тәжірибе тарату
- Үздік ашық сабақтар
- Ғылыми қоғамдастық
- Дарынды балалармен жұмыс
- Әдістемелік кеңес
- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
- Тәрбие жұмысы
- Психологиялық қызмет
- Әлеуметтік қызмет
- Жобалар
- Кері байланыс
- Мектеп логопеді
- Кітапхана
- Бос орын














