25.08.2022 жылы «Дарындылықты дамыту: өркендеу және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында серіктес мектептер семинары өтті. Есминарға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы " Қостанай қаласы білім бөлімінің № 9 жалпы білім беретін мектебінің» мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинардың мақсаты: дарынды балаларды қолдау мақсатында мұғалімдерге жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері туралы тәжірибе алмасу.
Негізгі алға қойған міндеттеріміз :
- Сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету;
- Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Семинар бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрды:
№ |
Іс-шара атауы |
Жауапты мұғалім |
Кабинет |
уақыты |
1 |
Мұғалімдерді қарсы алу
|
Омарова Л.А. Жүсіпбек А.К. |
1 қабат АКТ залы |
10.00 |
2 |
«Озат» кәсіби қоғамдастығы – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы
|
Сулекина Н.М. |
АКТ залы |
10.10 |
3 |
Мұғалімдерді топқа бөлу, жетекшілерді тағайындау |
Сулекина Н.М. |
АКТ залы |
10.20 |
4 |
Коучинг «Дарынды оқушыларды қолдау мен дамыту бойынша мұғалім қызметінің негізгі үрдістері» |
Нысанбаева А.Б.
|
АКТ залы |
10.30.-11.00 |
«Әдістемелік лайфках» |
||||
5 |
Психологиялық ахуал |
Айту Б.Н. Төлебай Г.Ө. |
302 |
11.05-12.05 |
6 |
«Білім» зертханасы |
Есингожина З.П. Сұлтанов Қ.Қ. |
316 |
|
7 |
«Инновация әлемі» |
Боранбайқызы Д. Бралина Т.Т. |
313 |
|
8 |
«Рефлекия алаңы» |
Иралинова Л.М. Майшина А.К. |
312 |
|
10 |
Қорытындылау. Рефлексия
|
Серикова А.А. Умиржанова А.А. |
АКТ залы |
12. 10-12.20 |
«Адамда туа біткен ой-пікірлер болмайды, олар тәжірибе негізінде пайда болады; адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы «Таза тақтай» секілді; сезімде жоқ нәрсе ақыл-ойда да болуы мүмкін емес» деп Джон Локк айтып кеткендей дарындылық - бұл ұзақ жылдар бойы оқушы бойында дамытатын ерекше қабілет. Мұғалімдер арасында түрлі тренингтер ұйымдастырылып, тәжірибе алаңында дарынды оқушылармен қалай жұмыс жасау керек екендігі жөнінде нұсқаулықтар берілді. Ағылшын тілі пән мұғалімі Нысанбаева Айгуль Болатовна, дарынды оқушылармен қалай жұмыс жасау керек, қандай басымдылықтарға назар аудару керектігі жөнінде коучинг ұйымдастырып, мұғалімдердің сыни ойлауына жол ашты.
Семинар екі мектептің мұғалімдері үшін өте тиімді болды. Рефлексия алаңында өз пікірлерін айтып, жұмысымызға кері байланыс берілді. Ынтымақтастықта жұмыс жасау болашақ дарынды оқушыларды тәрбиелеуге зор мүмкіндік ашады деп үміттенеміз.