Жас мамандар отырысы
Хаттама №1
Қатысқан: 11 Қатыспаған: 0
Сулекина Н.М.
Нысанбаева А.Б.
Калиев С.
Бобжикова Ж.Ж.
Мухтарова А.К
Сұлтанов Қ
Серикова А.
Рамазанов Ш.
Жедилканова Н.
Даниярова А.
Тоболов А.
Күн тәртібінде:
1.Әдістемелік көмек. Тақырыбы: «Күнделікті сабақ жоспарын,күнтізбелік сабақ жоспарын жазу тәсілі жайында»
2.Жас маманнан сауалнама алу.
3.Ағымды мәселелер.
Тындалды:
1. 1 сұрақ бойынша бірлестік жетекшісі Бобжикова Ж.Ж. сөйледі:
А) Жас мамандар Білім туралы, Тіл туралы заңмен танысып шығуы тиіс.
Б)Тәлімгерлер әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандардың сабақтарына аптасына 1 рет қатысуы қажет. Сонымен қатар жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу тиіс. Тәлімгерлер атқарылған жұмыс туралы отырыста есеп береді.
Тәлімгер ұстаздар күнделікті жоспарды жазуға көмектесуі тиіс. Мақсат, міндеттерін анықтау, жоспарланған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуын қадағалау. Үй тапсырмаларын оқушылардың білім және жас деңгейіне сәйкес беру.
Жас мамандар үш жылдық перспективтік жұмыс жоспарын құрастырулары тиіс және өзін-өзі жетілдіру тақырыбын таңдаулары қажет. Тақырып, мақсат, міндеттерін анықтау. Құрастырылған жоспар бойынша жұмыс жүргізу.
В) Өзін-өзі жетілдіру мақсатында жас мамандар курстарға, семинарға, конференцияларға қатысуы керек. Оқушыларды аудандық, облыстық олимпиадаға дайындаулары керек. Өзін-өзі жетілдіру папкасына жыл бойы алған жетістіктерін, ашық сабақтың даярламаларын, семинар материаладрын, баспа бетіне шыққан жұмыстарын тсс. жинақтау.
Г) Әр пән мұғалімінде нормативтік құжаттар болуы: бағдарлама, әдістемелік нұсқау хат, стандарт, күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Барлық нормативтік құжаттарды талаптарға сай жинақтау, эстетикалық ережелерді сақтауы қажет.
2) Жас мамандардан сауалнама алынды
Шешім:
1.Жас мамандар сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекеленген ережелермен таныстырылсын.
2.Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспары бекітіліп, таныстырылсын.
3.Әдістемелік көмек.Тақырыбы: «Күнделікті сабақ жоспарын,күнтізбелік сабақ жоспарын жазу тәсілі түсіндірілсін
4.Жас мұғалімдердің жұмысын бақылау тәлімгерлерге бекітілсін.
ШТ жетекшісі: Бобжикова Ж.Ж.
Хатшы: Мухтарова А.К.