- Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды).
- Ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат.
- Баланың тууын куәландыратын құжат.
- Баланың денсаулық паспорты.
- Баланың денсаулығы туралы анықтама.
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
ҚР қол жетімді аудандардың толық тізімін қарау
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызмет нәтижесі
Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған келісім шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігі негіз бола алады.
Егер көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне/ әрекетсіздігіне шағым бергіңіз келсе
Егер сіз осы қызметті көрсететін мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының шешімімен, әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспесеңіз, сіз Министрліктің басшысының мекенжайына тиісті шағыммен жүгіне аласыз. Тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде сіздің шағымыңызды қарастырып сізге жауап беру керек.
Шағымды бірнеше тәсілмен беруге болады:
- Жазбаша нысанда пошта арқылы.
2. "Электрондық үкімет" веб-портал арқылы.
3. Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол.
Егер сіздің шағымыңызға алынған жауап сізді қанағаттандырмаса, сіз мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.