KZ | RU

    2024 жылдың 12.02.2024 – 16.02.2024 жыл  аралығында мектебімізде «Сандық технологиялар әлемінде» тақырыбында мектебіміздің «Озат» қоғамдастығының апталығы болып өтті.

Апталықтың  бірінші күнінде ашылуына арналған іс-шарада мектептің әр қабатында сандық технологияға байланысты жұмыс түрлері жүргізілді:  1-қабат дәлізінде оқушыларымен  Медебаева А.А., Каршалова Э.Ғ., Серикова А.А., Есингожина З.П. смартфонмен түрлі сандық оындар ұйымдастырды , 2-қабат дәлізінде  Омарова  Л.А.,  Иралинова Л.М.,  Умиржанова А.А., Жалмендина Л.К. теледидар арқылы интеллектуалды ойындар өткізді. Оқушылар ашылу  іс-шараларына қызығушылықпен ат салысты.

Цифрлық  сауаттылық  заман талабы болғандықтан 3-қабатта  Нысанбаева  А.Б., Маженова С.Т.,  Бралина Т.Т., Сұлтанов Қ.Қ.,  Айту Б.Н., оқушылардың  компьютерлік білімдерін шыңдау мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен  материалды интернет желісінен табу, компьютерде теру , сканерлеу, басып шығару сияқты жұмыс түрлерінен сайыс өткізді. Үздіктер қатарында 10 сынып оқушылары болды.

Сонымен қатар, апталық аясында  «Миллион кімге бұйырады?», «Жүзден жүйрік» интеллектуалды ойыны, «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбында оқушыларға арналған квест, «Булану және конденсация» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ,  #15мектеп#schoollife# үздік влог сияқты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға  оқушылар да, ұстаздарымыз да белсене қатысып, апталықтың жабылу салтанатында марапатталды.

      

Recommended Articles

Leave A Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған